Құпиялылық саясаты

Кіріспе бөлігі

Деректер құпиялылығын қорғаудың осы саясаты сіз өзіңіздің веб-сайтыңызды пайдаланған уақытта дербес деректерді өңдеу практикасы туралы сізге ақпарат ұсынады.

Клиенттерге қызмет көрсету, өтімді, жарнаманы ұйымдастыру және нарықты зерттеу мақсаты үшін, егер біз жеке деректерді қызметтерімізді ұсыну шеңберінде пайдаланатын болсақ, біз бұл туралы сізге құпиялылық саясатымызда хабарлаймыз.

 

Деректер бақылаушысы төмендегі болып табылады:

“ALPEN PHARMA” ЖШС (Альпен Фарма)
Көкөзек к., 1044-құрылыс,

Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,

Алматы облысы, 040114,

Қазақстан Республикасы

 

Веб – сайт: www.alpenpharma.kz
E-mail: data.protection@alpenpharma.com
Tel.: + 7 (727) 232 34 73

 

Сіздің құқықтарыңыз

 

Қолжетімділік құқығы

Деректерді қорғау туралы жалпы ереженің (GDPR) 15-бабына сәйкес, сіздің өзіңіздің жеке ақпаратыңыздың өңделіп жатқандығы туралы бізден растау сұрату құқығыңыз бар. Бұл жағдайда сіздің осы жеке деректер туралы ақпаратқа, сондай-ақ GDPR 15-бабында айтылған қосымша ақпаратқа қолжетімділік құқығыңыз бар.

 

Түзету құқығы

GDPR 16-бабына сәйкес, сіздің өз жеке деректеріңіздегі дәлсіздікті дереу түзетуімізді талап ету құқығыңыз бар. Өңдеу мақсатын назарға ала отырып, сіздің толық емес дербес деректерді, соның ішінде қосымша өтініш ұсыну арқылы, толтыру құқығыңыз бар.

 

Деректерді өшіру құқығы

Сіздің өз жеке деректеріңізді дереу өшіруімізді талап ету құқығыңыз бар. Біз  GDPR 17-бабының тиісті талаптарын сақтау шартымен жеке деректерді дереу өшіруге міндеттіміз. Қосымша ақпарат алу үшін GDPR 17-бабына жүгініңіз.

 

Өңдеуді шектеу құқығы

GDPR 18-бабына сәйкес, белгілі бір жағдайларда сіздің дербес деректеріңіздің өңделуін шектеуімізді талап ету құқығыңыз бар.

 

Деректерді табыстау құқығы Право на перенесение данных

GDPR бабына сәйкес, сіздің өзіңіз ұсынған дербес деректерді құрылымдалған, жалпы қолжетімді және машина оқи алатын форматта алу құқығыңыз бар және біз бұл деректерді басқа бақылаушыға, мұндай тұлғаның деректерді өңдеуге қатысты GDPR  6 (1) а) бабына немесе GDPR 9 (2) а) бабына сәйкес, келісім туралы декларация (өтініш) алуы шартымен, кедергісіз табыстау құқығыңыз бар;  өңдеу  GDPR 6 (1) b) бабына сәйкес келісімшарттық негіздемелерде және автоматтандырылған құралдардың көмегімен орындалады.

 

Қарсылық айту құқығы

GDPR 21-бабына сәйкес, сіздің GDPR 6 (1) e) немесе f) бабы негізінде, өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қарсылық білдіру құқығыңыз бар. Бұл осы ережелер негізінде «психологиялық портрет» (жеке тұлғаның белгілі бір сипаттамасын қалыптастыру арқылы) жасауға да қатысты.

Егер біз тікелей маркетинг мақсатында сіздің дербес деректеріңізді өңдейтін болсақ, сіз кез келген уақытта өзіңіздің дербес деректеріңізді осы мақсатта өңдеуге қарсылық білдіруге құқылысыз.  Бұл «психологиялық портрет» (жеке тұлғаның белгілі бір сипаттамасын қалыптастыру арқылы) жасауға да қатысты, өйткені бұл тікелей осындай тікелей маркетингпен байланысты.

 

Қадағалау органына шағым беру құқығы

77 GDPR 77-бабына сәйкес, құқық қорғаудың кез келген басқа әкімшілік немесе сот құралдары үшін зиян келтірмей, сіздің қадағалау органына шағым беру құқығыңыз бар. Бұл құқықты, атап айтқанда, ЕО мүше-мемлекетінің аумағында сіздің тіркелген тұрғылықты жеріңіз бойынша, жұмыс істеу орны немесе, егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеу  GDPR ережелерін бұзу деп есептесеңіз, болжамды бұзушылық бойынша жүзеге асыруға болады.

 

Өз құқықтарын жүзеге асыру

Егер сіз өз құқықтарыңыздың бірін пайдаланғыңыз келсе, жоғарыда көрсетілген байланысу деректерін пайдалана отырып, деректердің бақылаушысы ретіндегі бізбен хабарласыңыз немесе біз сізбен байланыс үшін ұсынатын кез келген басқа нысанды пайдаланыңыз. Егер сізде қандай да бір сұрақтар болса, бізбен хабарласыңыз.

 

Веб-серверлерде хаттамалау

Сіз біздің веб-сайтқа кірген кезде, веб-сайтты басқару үшін біз жалдайтын компания сіз пайдаланатын құрылғы туралы (операциялық жүйе, экран ажыратымдылығы және басқа жеке емес функциялар) және браузер туралы (нұсқа, тілдік баптаулар) туралы техникалық деректерді өңдейді және сақтайды, атап айтқанда, колжетімділік күні мен уақытын қоса алғанда, біздің веб-сайтқа кіру үшін сіз пайдаланатын компьютердің жалпыға қолжетімді ІР-адресі. IP-адрес – бұл Интернетке/Интернеттен жіберетін/алатын сіздің құрылғының бірегей сандық адресі. Егер сіз біздің сайтты пайдалану кезінде сізді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректерді жібермесеңіз, біздің қызмет жеткізушісі немесе біз ІР-адрестің кімге тиесілі екенін нақты түрде біле алмаймыз. Мұнымен қатар, егер оған қарсы құқықтық шаралар қолданылмаса (мысалы, веб-сайтқа шабуыл жасалған жағдайда), пайдаланушы сәйкестендірілсе, біз тексеру барысында олардың жеке басы туралы білеміз. 

Біздің қызмет жеткізушіміз біздің веб-сайтқа қолжетімділік үшін қандай құрылғылар және қандай баптаулар пайдаланылатынын біз қадағалау үшін, сіздің жеке басыңызды сәйкестендіру мүмкін болмайтын тәсілмен, статистикалық мақсаттар үшін өңделуге тиіс деректерді пайдаланады, ал содан кейін, оны тиісті тәртіпте оңтайландырады. Бұл статистикалық деректер ешқандай жеке деректерді қамтымайды. Статистиканы құру үшін GDPR 6 (1) f) бабы құқықтық негіз болып табылады.

Бұдан бөлек, ІР-адрес сіздің біздің веб-сайтқа қолжетімділік алудың және оны пайдаланудың техникалық мүмкіндігін алу үшін, сондай-ақ біздің қызмет жеткізушіге немесе біздің веб-сайтқа жасалатын шабуылдарды аңғару және алдын алу үшін пайдаланылады.  Өкішінке орай, веб-сайт операторларына немесе оны пайдаланушыларға зиян келтіру үшін арналған шабуылдар (мысалы, қолжетімділікті болдырмау, деректерге тыңшылық жасау, зиянды бағдарламаларды тарату [мысалы, вирустар] немесе басқа заңсыз мақсаттар үшін) орын алады және бірнеше рет.  Мұндай шабуылдар біз жалдаған компанияның деректерді өңдеу орталығының тиісті тәртіпте дұрыс жұмыс істеуін, біздің веб-сайтты немесе оның функцияларын пайдалануды, сондай-ақ біздің веб-сайтымыздың келушілерінің қауіпсіздігін бұзады. ІР-адрес және қолжетімділік уақыты мұндай шабуылдардың алдын алу үшін өңделеді. Мұндай өңдеу арқылы, біз біздің қызмет жеткізуші арқылы біздің веб-сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі және біз бен біздің веб-сайт келушілеріне қарсы заңсыз шабуылдардың алдын алудағы заңды мүддемізді ұстанамыз. Мұндай деректерді өңдеу үшін  GDPR 6 (1) f) бабы құқықтық негіз болып табылады.

Сақталған IP-деректер шабуылды анықтау немесе одан қорғану үшін олар әрі қарай қажет болмай қалған кезден бастап жойылады (анонимизация көмегімен).

 

Cookies файлдары

Біз веб-сайттың техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, пайдаланушылар біздің веб-сайтты қалай пайдаланатынын түсіну үшін және пайдаланушылардың өз браузерінде алдын ала белгілі баптауларды сақтауы үшін, біздің веб-сайттың жұмысы үшін cookies фпйлдарын және ұқсас технологияларды (оқшау қойма) пайдаланамыз.

Cookie – бұл біздің сайтқа өту кезінде сіздің браузер сіздің компьютерде сақтайтын кішігірім мәтіндік файл. Егер сіз біздің веб-сайтқа қайтадан кірсеңіз, біз қайтадан бұл  cookies файлдарды оқи аламыз.  Cookie файлдары түрлі уақыт кезеңдері бойы сақталады. Сіз кез келген уақытта өзіңіздің браузер қабылдайтын  cookies тізімін баптай аласыз. Алайда бұл біздің веб-сайттың тиісті тәртіпте жұмыс істеуін бұзуға әкеп соғуы мүмкін. Бұдан бөлек, сіз кез келген уақытта өз бетіңізбен cookies жоя аласыз. Егер сіз оларды жоймасаңыз, біз cookies-тің сіздің көмпьютерде қаншалықты ұзақ сақталатынын өзіміз көрсете аламыз. Бұл жерде  cookies-тің сеансты және тұрақты файлдары деп аталатындар арасындағы айырмашылық жүргізіледі. Сеансты cookies-ті сіз біздің веб-сайттан шыққан кезде немесе браузерді жапқан кезде, сіздің браузер бірден жояды. Тұрақты cookies біз сақтау кезінде көрсеткен кезең бойына сақталады. 

Біз cookies-ті мынадай мақсаттар үшін пайдаланамыз:

· Біздің веб-сайттың функцияларын пайдалану үшін арналған техникалық қажетті cookies файлдары (мысалы, сіздің жүйеге кіргеніңізді сәйкестендіру үшін). Кейбір функциялар бұл cookies файлдарынсыз ұсыныла алмайды.

· Сіз пайдаланғыңыз келетін белгілі бір функцияларды техникалық орындау үшін пайдаланылатын функционалдық cookies.

· Сіздің пайдаланушы ретіндегі мінез-құлқыңызды талдауға арналған талдаушы cookies.

· Бөгде cookies.  Бөгде cookies файлдарын үшінші тұлғалар сақтайды, олардың фунцияларын біз белгілі бір функцияларды енгізу үшін біздің веб-сайтта біріктіреміз. Олар да пайдаланушының мінез-құлқын талдау үшін пайдаланыла алады. 

Біздің пайдаланушылар пайдаланатын браузерлердің көпшілігі бізге қандай cookies файлдарын сақтау керек екендігін баптауға мүмкіндік береді және (белгілі бір) cookies файлдарын жоюға мүмкіндік береді. Егер сіз белгілі бір веб-сайттар үшін cookies файлдарын сақтауды шектесеңіз немесе бөгде веб-сайттардан алынған cookies файлдарын пайдалануға рұқсат бермесеңіз, онда біздің веб-сайттың барлық функцияларын пайдалану мүмкін болмайды. Анағұрлым көп таралған браузерлер үшін cookies файлдарының параметрлерін қалай баптау керектігі туралы ақпарат мына жерде қолжетімді:

· Google Chrome (support.google.com/chrome/answer/95647?hl= ru )

· Internet Explorer (https://support.microsoft.com/en-us/help/17442/windows-internet-explorer…)

· Firefox (https://support.mozilla.org/en/kb/cookies-release-and-claim)

· Safari (https://support.apple.com/kb/PH21411?locale=en_US)

 

Кері байланыс нысаны

Егер сіз ұсынылған кері байланыс нысандарының көмегімен бізге хабар жіберсеңіз, біз сіздің сұратуды өңдеу үшін, өзіңіз бізге хабарлаған деректерді пайдаланатын боламыз. Бұл үшін құқықтық негіз – біздің заңды мүддеміз GDPR 6 (1) f) бабына сәйкес сіздің сұратуыңызға жауап ұсынуда болып табылады. Егер сіздің сұратуыңыз бізбен шарт жасасуға қызмет етсе, әрі қарай өңдеу үшін құқықтық негіз – бұл  GDPR 6 (1) b) бабы. Сіздің сұратуыңызды қанағаттандырған соң, деректер жойылатын болады. Егер заң бойынша біз деректерді неғұрлым ұзақ кезең бойы сақтауға міндетті болсақ, жою тиісті кезең аяқталған соң іске асырылатын болады.

 

Жұмысқа қабылдау туралы бос орынға жауап

Бізге қызығушылық танытқаныңыз және өтінім бергеніңіз үшін немесе біздің компаниядағы лауазымға үміт артқаныңыз үшін қуаныштымыз. Төменде біз бос орынға сіздің жауап беруіңізге байланысты сіздің жеке деректеріңізді өңдеуге қатысты ақпаратты сізге ұсынғымыз келеді.

Осы лауазым үшін сіздің жарамдылығыңызды бағалау (немесе, егер қолданылса, біздің компаниядағы басқа ашық бос орындар үшін) және бос орынды атқаруға өтінім беру рәсімін орындау үшін сіздің жауабыңызға байланысты бізге ұсынған ақпаратты өңдейміз.

Сіздің женке деректеріңізді өңдеу үшін құқықтық негіз GDPR 6 (1) f) бабына сәйкес, заңды мүдделерді жүзеге асыру болып табылады. Біздің мүддеміз өтінім беру рәсімін орындау және мүмкін өз құқықтарымызды дәлелдеу немесе наразылықтардын қорғау болып табылады.

Өтінімнен бас тартылған жағдайда, үміткердің деректері 6 ай ішінде жойылуға тиіс.

Егер сіз өтінім беру барысында лауазымға қабылдансаңыз, үміткердің деректері жүйесіндегі деректер біздің персонал туралы ақпараттар жүйесіне көшірілетін болады.

Шын мәнінде, сіздің деректеріңіз бос орынға жауап рәсімін тиісті орындау үшін талап етілетін компаниядағы тұлғаларға ғана ұсынылатын болады.

 

Үшінші тұлғаларға деректерді ашу

Бізге берілген дербес деректерді біз үшінші тұлғаларға (оның үстіне жарнамаға қатысы жоқ мақсатта) таратпаймыз.

Алайда, біздің интернет-беттердің қалыпты жұмысы үшін немесе өнімдерді/қызметтерді ұсыну үшін біз қызмет жеткізушілермен (деректердің өңделуін жүзеге асыратын тұлғалар) ынтымақтастық жасаймыз. Жеке деректер осындай қызмет жеткізушілеріне хабарлануы мүмкін. Өзіміздің қызмет жеткізушілерін таңдауға сақтықпен қараймыз – әсіресе деректерді қорғауға және деректердің қауіпсіздік мәселелеріне қатысты – және деректерді қауіпсіз өңдеу үшін деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес қажетті барлық шараларды қолданамыз.

 

ЕО шегінен тыс деректерді өңдеу

Біз Сіздің жеке деректеріңізді ЕО-да немесе Швейцарияда өңдейміз. 2000/518/ЕС шешімімен Еуропалық одақ Швейцарияда деректерді қорғаудың тиісті деңгейі бар деп белгіледі. Алайда, плагиндері мен құралдарын біз пайдаланатын біздің кейбір қызмет жеткізушілері деректерді ЕО-дан тыс жерлерде өңдейді. Бұл осы деректердің құпиялылығын қорғау саясатының біз пайдаланатын плагиндер/құралдар туралы ақпаратта түсіндірілетін болады.

Біз Privacy Shield деп аталатын (Ескерту: ЕО мен АҚШ арасында құпия ақпаратпен алмасу ережесі туралы келісім) қатысу мәнмәтінінде және деректерді қорғау және олардың сақтандығы үшін қызмет жеткізуші қолданатын шараларда деректерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеміз.

 

Google Analytics

Деректерді өңдеу туралы келісім шеңберінде біз  Google LLC (бұдан әрі мәтін бойынша «Google»)  Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA 94043, USA компаниясы ұсынған сервисті пайдаланамыз, кейбір жағдайларда мүмкін Google Analytics – Google Tag Manager үшін тег-менеджер арқылы. Тапсырыстарды өңдеуші ретінде Google бұл үшін сіздің браузермен сіздің компьютерде сақталатын кішігірім мәтіндік файл – «cookie» деп аталатын файлды пайдаланады. Бұл cookie файлы  Google-ге мынадай ақпарат ұсынады –  сіз қандай веб-сайтқа хабарластыңыз және атап айтқанда,  мынадай ақпаратты: браузер типі/нұсқасы, пайдаланылатын операциялық жүйе, операциялық жүйе мен браузер туралы техникалық ақпарат,сондай-ақ сіз жұмыс істеп отырған компьютердің жалпыға қолжетімді IP-адресі. Біз Google Analytics-ті былайша пайдаланамыз: сіздің IP-адресіңіз жасырын нысанда ғана пайдаланылады. Бұл анонимизация Google-дан хабарлама алған соң, Еуропалық одақтың аумағында немесе Еуропалық экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттерінде қолданыста болады. Ерекше жағдайларда, толық IP-адрес АҚШ-тағы Google серверніе жіберілуі мүмкін және сол жерде оны құпиялайды. Google-ге сәйкес, IP-адрес тұрақты деректер тасымалдаушысында сақталғанға дейін құпияланады. Толығырақ https://support.google.com/analytics/answer/6004245?hl =ru мекенжайы бойынша қолжетімді Google құпиялылық саясатынан қараңыз.

Google Analytics біздің веб-сайтты пайдалану статистикасын, сондай-ақ пайдаланушылар және олардың сәйкестендірілмеген нысандағы мінез-құлықтары туралы демографиялық деректерді жинауға мүмкіндік береді. Статистика біздің іздестіру оңтайландыруын және жарнамалық шығындарды жақсарта алуымыз үшін, пайдаланушылар біздің сайтты қалай табатынын жақсырақ түсінуімізге көмектесу мақсатында да құрылған. Бұл өңдеу біздің веб-сайтты, сондай-ақ біздің жарнамалық кампанияларымызды жақсарту мүмкіндігі болу үшін заңды мүдделерімізді қорғауға мүмкіндік береді. Мұндай деректерді өңдеу үшін GDPR 6 (1) f) бабы құқықтық негіз болып табылады.

Google Analytics-ті пайдаланудан қалай бас тарту туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша табуға болады: https://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=ru .

 

Google AdSense

Бұл сайт Google AdSense-ті пайдаланады, жарнамалық хабарландыруларды біріктіруге арналған сервис Google Inc (бұдан әрі мәтін бойынша «Google»). Провайдер – Google Inc. компаниясы, 1600 Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA 94043, USA.

Google AdSense «cookies» файлдарын пайдаланады, олар пайдаланушылар сайтты қалай пайдаланатынын веб-сайттың талдау жасауына көмектесу үшін сіздің компьютерге орналастырылған мәтіндік файлдар түрінде болады. Google AdSense веб-маятар деп аталатындарды да пайдаланады (көзге көрінбейтін графикалық элементтер). Бұл веб-маяктардың көмегімен, мысалы бұл беттерге кіру жиілігі сияқты ақпаратты бағалауға болады.

Бұл веб-сайтты пайдалану туралы (сіздің ІР-адресті қоса алғанда) және cookies файлдарынан және веб-маяктардан алынған жарнамалық форматтарды жеткізу туралы ақпаратты Google компаниясы Құрама Штаттардағы серверлерге жібереді және сақтайтын болады. Бұл ақпаратты Google компаниясы Google контрагенттеріне жариялауы мүмкін. Алайда, Google сіз иелік ететін кез келген басқа деректермен сіздің ІР-адресіңізді біріктірмейді.

Сookie AdSense файлдары GDPR 6 (1) f) бабына сәйкес сақталады. Веб-сайт операторының пайдаланушының веб-сайтын және жарнамасын оңтайландыру мақсатында, оның мінез-құлқын талдауға заңды мүддесі болады.

 

Google Adwords / Конверсияларды қадағалау

Бұл сайтты Google AdWords пайдаланады. AdWords – бұл Google Inc. компаниясының жарнамалық онлайн-бағдарламасы, 1600 Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA 94043, United States (бұдан әрі мәтін бойынша «Google»).

Google AdWords шеңберінде біз конверсияларды қадағалау деп аталатынды пайдаланамыз. Сіз Google компаниясы орналастырған хабарландыруға басқан кезде, конверсияларды қадағалуға арналған cookie орнатылады. Сookies файлдары – бұл интернет-браузер пайдаланушының компьютерінде сақтайтын кішігірім мәтіндік файлдар. Бұл cookies файлдары 30 күннен кейін өз күшін жоғалтады және пайдаланушыларды сәйкестендіру үшін қызмететпейді. Егер пайдаланушы бұл веб-сайттың белгілі бір беттеріне кірсе және cookies файлының жарамдылық мерзімі аяқталмаса, Google және біз пайдаланушының хабарландыруды басқанын және осы бетке қайта жіберілгенін қадағалай аламыз.  

Google AdWords-тың әрбір клиенті cookie файлын алады. Сookie файлары AdWords клиенттерінің веб-сайтттары арқылы қадағалана алмайды. Конверсия үшін cookie-файл көмегімен жинақталған ақпарат конверсияның қадағалануын таңдап алған AdWords клиенттері үшін конверсия статистикасын жасау үшін пайдаланылады. Клиенттер олардың хабарландырулары бойынша жауап берген және конверсияларды қадағалаудың орнатылған тегы бар бетке қайта жіберілген пайдаланушылардың жалпы санын көреді. Алайда, AdWords клиенті пайдаланушыларды сәйкестендіретін ешқандай ақпарат алмайды. Егер сіз қадағалауға қатысқыңыз келмесе, сіз «Пайдаланушының баптаулары» бөлімінде, өзіңіздің интернет-бразеріңіздегі Google конверсияларын қадағалауға арналған cookie-файлды өшіріп, бұл пайдаланудан оңай бас тарта аласыз. Сол кезде олар конверсияларды қадағалау статистикасына енгізілмейтін болады.

Конверсияларды қадағалуға арналған сookie-файлдар веб-сайтты да, сонымен қатар оның жарнамасын да оңтайландыру мақсатында, пайдаланушының мінез-құлқын талдауға заңды мүдденің болуы негізінде сақталады (Құқықтық негіз: GDPR 6 (1) f) бабы).

Сіз өзіңіздің браузерді былайша баптай аласыз: cookie файлдарын баптау туралы ақпарат алу және cookie файлдарын белгілі бір жағдайларда ғана пайдалануға рұқсат беру немесе cookie файлдарын белгілі бір жағдайларда ғана қабылдау немесе әдетте, оларды алып тастау және браузерді жабу кезінде cookie файлдарын автоматты жоюды белсендендіру. Егер cookies өшірілген болса, бұл сайттың жұмыс істеу қабілеті шектеулі болуы мүмкін.

 

Google Remarketing / Double Click

Біздің сайттар Google AdWords және Google DoubleClick бірнеше құрылғыларын аралас пайдалану функцияларымен үндестікте Google Analytics ремаркетинг функцияларын пайдаланады. Провайдері – Google Inc. компаниясы, 1600 Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA 94043, USA.

Бұл функция Google AdWords және Google DoubleClick бірнеше құрылғыларын аралас пайдалану функциялары бар Google Analytics Remarketing көмегімен жасалған мақсатты жарнама топтарын байланыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша, сіздің мүддеңізге орай бейімделген, дербестелген жарнамалық хабарлар, сіздің бұрын пайдалану тәжірибеңізге және Интернеттегі мінез-құлқыңызға байланысты бір құрылғыдан (мысалы, ұялы телефон), дәл сондай түрде басқа құрылғыда да (мысалы, планшет немесе ДК) көрсетіле алады.

Егер сіз өз келісіміңізді берсеңіз, Google осы мақсат үшін, сіздің Google есепті жазбаңызбен браузер мен веб-браузер тарихын байланыстырады. Осылайша, бір біріне ұқсас дербестелген жарнамалық хабарлар, сол жерден өзіңіздің Google есеп жазбаңызға кіретін кез келген құрылғыда көрсетіле алады.

Бұл функцияны қолдау үшін, Google Analytics пайдаланушылардың сәйкестендірілген Google-сәйкестендіргіштерін жинайды, олар бірнеше құрылғылардағы жарнама үшін мақсатты аудиторины анықтау және құру үшін біздің Google Analytics деректерімен уақытша байланыстырылған.

Сіз https://www.google.com/settings/ads/onweb/ сілтемесін басып, өзіңіздің Google аккаунттағы дербестелген жарнамадан бас тартып, бірнеше құрылғылардағы ремаркетингтен/таргетингтен біржола бас тарта аласыз.

Сіздің Google аккаунттыңызда жиналған деректер, сіздің келісім беруіңіз негізінде ғана жинақталады, сіз оны Google-ге бере аласыз немесе одан кері шақырып ала аласыз (бап – 6 (1) а) GDPR). Сіздің Google есепті жазбаңызбен біріктірілмеген деректерді жинау үдерістері жағдайында (мысалы, себебі сізде Google есепті жазбасы жоқ немесе сіз біріктірілген пайдалануға қарсы наразылық білдірдіңіз), деректерді жинау 6 (1) f) GDPR бабына негізделеді. Негізделген мүдде сайт операторының жарнама мақсатында сайтқа келушілерді жасырын талдауға мүдделі екендгімен түсіндіріледі.

Қосымша ақпарат пен деректерді қорғау ережесін мына мекенжайдағы Google құпиялылық саясатынан табуға болады: https://www.google.com/policies/technologies/ads/.

 

Flowplayer

Біз өзіміздің онлайн-ұсынысымызға бейне роликтерді енгіздік, олар http://www.flowplayer.com сайтында сақталады және тікелей біздің веб-сайттан көрсетіле алады. Бұл өңдеу GDPR 6 (1) f) бабының 1-ұсынысына негізделген. Сонымен бірге, біз өзіміздің пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және қызметтерімізді оңтайландыру мақсатындағы заңды мүддемізді қорғаймыз. Flowplayer AB мына мекенжайда орналасқан: Riddargatan 17B, ​​114 57, Stockholm, Sweden және Еуропалық одақтың деректерді қорғау туралы заң аясында болып табылады.

Веб-сайтқа кіре отырып, Flowplayer біздің веб-сайтымыздың тиісті кіші бетін ашқаныңыз туралы ақпарат алады. Бұл Flowplayer-дің сіз кірген пайдаланушының есепті жазбасын ұсынғанына  немесе пайдаланушының есепті жазбасының жоқ екеніне қарамастан орын алады. Егер сіз Flowplayer-ге кірсеңіз, сіздің деректеріңіз сіздің есепті жазбаңызға тікелей бекітілетін болады. Егер сіз өзіңізді профиліңізбен бірге Flowplayer-ге бекіткенін қаламасаңыз, онда сіз веб-сайтқа кіру алдында одан шығуға тиіс боласыз. Flowplayer сіздің деректеріңізді пайдаланушылардың профильдері ретінде сақтайды және оларды сіздің мұқтаждықтарыңызға сәйкес, жарнама, нарықты зерттеу және/немесе өз веб-сайтының дизайнына бейімделу мақсатында пайдаланады. Мұндай бағалау, атап айтқанда (тіпті жүйеге кірмеген пайдаланушылар үшін), сұратуға бағдарланған жарнаманы ұсыну үшін және әлеуметтік желінің басқа пайдаланушыларын біздің веб-сайттағы сіздің қызметіңіз туралы хабардар ету үшін жүргізіледі. Сізде мұндай пайдаланушы профилін құруға қарсы өз наразылығыңызды білдіру құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану үшін, Сіз Flowplayer-мен байланысуыңыз керек.

Flowplayer мақсаттары және деректерді жинау мен өңдеу саласы туралы қосымша ақпаратты Құпиялылық саясатынан табуға болады. Сол жерден сіз өзіңіздің құпиялылығыңызды қорғау үшін құқықтарыңыз бен баптауларыңыз туралы да қосымша ақпаратты табасыз: https://flowplayer.com/privacy-policy

 

Құпиялылық саясатын жаңарту

Бұл құпиялылық саясатын біз әрқашан өзекті күйде қолдаймыз. Сондықтан да, біз оны кезең-кезеңмен өзгерту және сіздің деректеріңізді жинау, өңдеу немесе пайдалану практикасын жаңарту құқығын өзімізге қалдырамыз. Құпиялылық саясатының ағымдағы нұсқасы мына мекенжай бойынша үнемі қолжетімді alpenpharma.kz/kk/privacy-policy-kz.

 

Егер Сізде осы құпиялылық саясаты туралы қандай да бір сұрақтар болса, төменде көрсетілген байланыс ақпаратын пайдаланып, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз:

Email: data.protection@alpenpharma.com